Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тісі мен көзілдірігін мазақ қылған": 10 жасар бала мектептегі буллингке шыдамай, өзіне қол салды

АҚШ-та мектептегілер тісі мен көзілдірігі үшін буллинг жасап, мазақ қылғанның салдарынан 10 жасар бала өзіне қол салған. Баланың жерлеу рәсіміне жүздеген адам келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail сайтына сілтеме жасап хабарлайды.  

Фото: Daily Mail

Индиана штатының Гринфилд қаласында 10 жасар Сэмми Тойш бірнеше жыл құрдастарының мазағы мен қорлығын төзе алмай, 5 мамырда өзіне қол жұмсады. Ата-анасы мектепке бірнеше рет шағымданғанымен, әкімшілік құлақ аспағанын айтады.

Жерлеу шеруі жүзден астам мотоциклшілерден тұратын кортежді қамтыды. Мұны Iron Sharpens мотоцикл министрлігі ұйымдастырды.

Оның ата-анасы Сэм мен Николь баланың мектепте қысымға ұшырап, бірнеше уақыт азапқа түскенін айтады. Олардың айтуынша, буллинг бастауыш мектепте оқып жүргенде басталған, содан кейін Гринфилд орта мектебіне келгенде де жалғасқан.

Сэммиді тіпті мектеп автобусында соққыға жыққан, ал ата-анасы мұғалімдерге 20 рет жүгінгенімен, олар ешқандай шара қолданбаған.

"Алдымен олар оны көзілдірігі үшін мазақ етті. Содан кейін оны тістерін айтып, мазақ қылған. Бұл ұзақ уақытқа созылды. Кейін балалар ұратынды шығарды. Көзілдірігін сындырып кеткен. Мектеп әкімшілігіне қоңырау шалып, мұны шешуді сұрадым. Бірақ жағдай керісінше ушыға берді”, – деді әкесі.

Алайда Гринфилд мектебінің маманы, доктор Гарольд Олин ата-аналар да, Сэмми де қысым туралы ештеңе айтпады дейді.

Гринфилд мектебі баланың отбасына көңіл айтты.

“Сэмми кейінгі бір жарым жыл Гринфилдте оқыды. Ол 2023 жылдың мамырында Уэстон бастауыш мектебінің үшінші сыныбын бітірді және 2023-224 оқу жылында Гринфилд орта мектебінде 4-сынып оқыды. Біз оның көз жұмғанын жексенбі күні түстен кейін білдік. Гринфилд орта мектебіне дағдарысқа қарсы әрекет ету тобын жібердік. Кейінгі 18 айда ұжым Тоуш отбасымен біршама жұмыс істеді. Ата-ананың буллинг туралы арыздарын тексеріп жатырмыз”, – деп мәлімдеді мектеп әкімшілігі.

Талқылау