Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тышқандардың роддомы болды ғой": Атыраудағы перинаталдық орталықта тышқан қаптап кетті

Атыраудағы перинаталдық орталықта тышқан көбейіп жатыр. Перхентхана палаталарын тышқан аралап жүрген видео әлеуметтік желіде жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: видеодан алынған кадр
Видеоны желіге жүктеген қоғам белсендісі Руслам Баязиевтің сөзінше, дала тышқандары Қараөзек шағын ауданындағы перинаталдық орталықта көбейіп кеткен. 

Бұл жағдай желі қолданушыларын да алаңдатып отыр. Видеоға қатысты қызу пікірталас тудындады.

"Роддомға баратын болсақ енді бірге мысық апарамыз ба?", "Фуу, сұмдық", "Тышқандардың роддомы болды ғой", "Шын иә, жақында келінім босанып айтып келді "тышқандар толып жүр" деп", - деп жазды олар.

Бұл ақпаратты Атырау облыстық перинаталдық орталығының баспасөз қызметі де жоққа шығармады. Айтуларынша ғимарат жазық далада болғандықтан дала тышқандары көбейіп келеді. Дегенмен перинаталдық орталықтың әкімшілігі бұл мәселенің алдын алу үшін дезинфекция жұмыстарын жиі жүргізетінін жеткізді. Соған қарамастан ғимараттан тышқандар әлі де табылып жатыр.

“Жақын күндері дезинфекция жұмыстары тағы да жүргізіледі. Атырау облыстық перинаталдық орталығы былтыр қазан айынан бастап қала сыртына, коронавирус кезінде салынған модульдік ауруханаға уақытша көшірілген болатын. Қазір перинаталдық орталықтың бұрынғы ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жөндеу аяқталған соң бұрынғы мекенжайға ауыстырылады”, – деп хабарлады ведомство.

 

 

 

Талқылау