Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тырнақ лагының денсаулыққа тигізер қауіпі анықталды

Химия ғылымдарының докторы, профессор Дмитрий Мустафин тырнақ бояуға арналған лактың денсаулыққа зияны жайлы айтты. Маманның сөзінше, түрлі еріткіштер лакқа жылтырлық әсерін береді. Еріткіш неғұрлым агрессивті болса, тырнақ пен тері де қатты зақымдалады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Говорит Москва басылымына сілтеме жасап.

лак

Дмитрий Мустафин ең арзан және кең таралған еріткіштің толуол екенін айтты. 

"Лактың кебуі оның булануымен байланысты. Алайда бұл екі есе жаман, себебі толуол терінің шырышты және зақымдалмаған қабатына оңай өтеді. Толуол концентрациясы аз мөлшерде болғанның өзінде оның репродуктивті қызметтің бұзылуына, эмбрион мен баланың дамуындағы кемістікке, бауыр мен жүйке жүйесінің зақымдалуына әкеп соғатыны дәлелденген. Бұл есту қабілетінің төмендеуіне және бүйректің зақымдалуына себепкер болады", – деп ескертті профессор. 



Химия ғылымдарының докторы толуолдың ұзақ уақыт әсер етуі қантүзілім мен иммундық жүйені баяулататынын қосып өтті. 

Маман лакты өшіруге арналған сұйықтықтар ішінде құрамында ацетоны барларының зияны аз екенін айтады. Өйткені ацетон адам мен жануарлар ағзасындағы табиғи метаболит болып саналады екен. 

Айта кетейік, бұған дейін қатерлі ісіктің 11 түріне қарсы тұратын дәрумен жайлы хабарлаған едік. 

Талқылау