Соңғы жаңалықтар

"Тіпті, көзілдірігі сынып кетті": Ақмола облысында 11 жасар бала тоққа түсіп көз жұмды

Ақмола облысында 11 жасар бала 12 жыл бойы ашық жатқан кабельді ұстаймын деп, салдарынан тоққа түсіп көз жұмды. Бұған дейін бақылауда болған нысан бүгінде қараусыз қалыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

«Тіпті, көзілдірігі сынып кетті»: Ақмола облысында 11 жасар бала тоққа түсіп көз жұмды

Сол күні 11 жасар Дмитрий су айдау станциясының ауласында ойнап жүрген екен. Ол шөптің арасында жатқан кабельді ұстай алып, салдарынан тоққа түсіп қалған. 

Бұрын бұл нысан күзетілген болса, кейіннен қаржы жетіспеушілігінің салдарынан одан бас тартуға тура келген көрінеді. 

Марқұм оқушының туыстарының сөзінше,  Дмитрий қайғылы жағдай орын алған күні су айдау станциясында жұмыс істейтін туысына келген. Ол қарындасымен бірге көшеде ойнап жүріпті. Әйел балаларға қауіптілік туралы ескертіп, сымдарға тиіспеуін сұраған. Алайда ойын баласы сымды ұстап көрмек болып, туысының көз алдында жан тапсырды.

Баланың туысы Анфиса Герцег оның бірден сұлап түскенін айтады. 

«Ол жансыз жатты. Бірден құлады. Тіпті, көзілдірігі сынып кетті», - дейді марқұмның туысы. 

Жаныспай аулында орналасқан су айдау станциясы Ковыльное аулын сумен қамтамасыз етеді екен. Елді мекенде су құбыры жүргізілмеген. Станция стратегиялық нысан деп мойындалғанымен, ашық жатқан нысанға балалар да оңай кіріп-шыға алады. 

«Есіл қалалық коммуналдық шаруашылығы» МКК директоры Қайрат Мүкібаевтың сөзінше, олардың сырттағы кабельдерді тескеруге құзіреті жоқ. Тек ішкі жұмыстарды жүргіземіз, дейді.

«Күзет қоюға қаржылық жағдай көтермеді. Бұрынғы күзет қызметін де сол үшін алып тастағанбыз. Енді қаржы көзін қарастыруға тура келеді. Әрине, бала өліміне бәріміз кінәліміз. Осылай болады деп кім ойлаған?! Бәрін ретке келтіреміз», - дейді Қайрат Мүкібаев. 

Ал Жаныспай ауылдық округінің әкімі Николай Пономарев қазіргі уақытта кабельді ауыстыру бойынша жұмыстардың басталғанын айтты.

Бүгінде туыстары Дмитрийді жер қойнына тапсырды. Жерлеу рәсімі кезінде марқұмның анасы Наталья Шеголькова ұлына өліміне кінәлілердің жазаланатынын айтып, уәде берген. Алайда әзірге ешкім кінәні өз мойнына алар емес.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан тұрғындарының саны бір миллионға жуық адамға азаюы мүмкін

Петропавлда қазақстандықтарды оңтүстіктен солтүстікке көшіру мәселелері талқыланды

Иесінің қатерлі ісік ауруын сезіп, оның өмірін сақтап қалған төбет

Қан құрамындағы қатерлі дертті сезе алады

"Анама сөз қайтарсаң, сол күні-ақ талақ деймін": Арсен Акиев үйленер алдында әйеліне қандай талап қойғанын айтып берді

Арсен Акиев болашақ әйеліне анасындай қадірлі жан жоқ екенін бірден ескерткен

Қызылордада аялдамада болған жол апаты: Марқұмдардың отбасына көмек көрсетіледі

Жантүршігерлік апат салдарынан 4 адам көз жұмған еді

Алматыда риэлтор үйлерді арзан сатамын деп жұртты алдап келген

9 қылмыстық іс бойынша жала жабылды

Алматыда балалар үйінің із-түзсіз жоғалып кеткен тәрбиеленушісі табылды

Полиция оны аман-есен тапты

Ер адам мұсылман әйелді жүктілігіне қарамастан аяусыз ұрып тастады (видео)

Әйел жүктілігінің 9-айында жүрген

Доллар бағасы 385 теңгеге төмендеді

"Алматыда жұмыс істеу мүмкін емес". Jah Khalib Дмитрий Гордонға сұхбат берді

Алматы тек демалыс үшін ғана қолайлы

Оралда 10 жасар қыздың өлімінен кейін қала әкіміне сөгіс жарияланды

Облыс әкімінің сөзінше, қалада адам өліміне алып келетін жол апаттарының саны 41 пайызға артқан
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр