Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тыныш кету бұйырмады": Шетелде ашық киінген Мәдина Сәдуақасова елдің сынына жауап берді

Біріккен Араб Әмірліктерінде демалған Мәдина Сәдуақасова желіге купальникпен түскен ашық суреттерін жариялаймын деп елден сөз естіді. "Қырықтан асқан шағында қылық шығарды" деп сынаған жұрт қазақтың қыз-келіншектеріне етек ашқан жараспайтынын айтып, жағымсыз пікірлерді қарша боратты. Ал "тыныш демала алмадым" деген әншінің өзі көпшіліктің сынына жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әнші өткен аптада отбасымен Абу-Дабиге барды. Қымбат қонақүйден орын алған Сәдуақасова демалыстан түрлі фотолар жариялады. Оның ішінде жағажайда купальникпен түскен суреттері де бар. 

"Ашық-шашық, не отырыс? Күйеуі бар әйелге жараспайды екен, қанша жұлдыз болса да, оның үстіне жас емес, әдептілік деген болу керек емес па?", "Одан да шынайы демалсайшы бала-шағаңмен, показуха жасамай, қырықтан асып, қыз бола алмайсың ғой бәрібір! Алды-артыңды ашып, еш жерің ешкімнен артық емес, қыртиып алып, ақылды, қарапайым бол", "Мадина, не болды сонша шетелдік әншілерге еліктеп? Біз қазақпыз ғой. Етегін көтермеген текті ұлтпыз", – деп сынады желі қолданушылары. 

Әнші елдің сынына жауап берді. 

"Соңғы фотоларға неге сонша жаман пікір жаздыңыздар? Қалыпты ғой. Адам деген жағажайда немен жүреді? Купальник киеді", –  деді ол. 

Қысқасы, жұрт не десе де, Сәдуақасованың көңілі мен пікірі баяғыдай. Әнші келесі әнін де орынсыз абыржитын жандарға арнаған. 



"От души демалды Мадикош Абу-Дабиде. Жаным, тәнім, көзім де демалды. Теңіз, әдемі қонақүй, түрлі тағам, хош иістер, музыка. 
Жұрт құсап тыныш келіп , тыныш кету деген бұйырмады маған тағы.
"Садуақасова теңіз жағасында купальникпен жүр екен, үстінде жейде, басында орамал!" деген жаңалықтың өзі жаңалық емес қой, негізі. Сөйтсе біреу: "Ең болмаса арық болса екен" деп жазып қойыпты парақшасына әлдилеп салып. Ол кісінің түсінігі бойынша тек арық қыздар суға купальник кию керек. И, қасқа, Абу-Даби, не қылдың! Елге қайттым, жұмыс көп, жаңа әндерім шығады. Жаңа әнімнің аты "No problem", – деді әнші. 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 25 Шілде, 2022 08:36
Талқылау