Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тыңдарманым болды": Ернар Айдар келіншегі туралы айтты

Ернар Айдар келіншегі туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ережесіз әңгіме" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Тыңдарманым болды: Ернар Айдар келіншегі туралы айтты

Жас әнші Ернар Айдар келіншегін жасыратын өнер жұлдыздарының қатарында. Ол отбасы туралы тақырыпқа келгенде күмілжіп, бір сырын жасыруға тырысады. Осы жолы да өнер иесі ашылып ештеңе айтпаған. Алайда, Ернар Айдардың келіншегі өзінің тыңдарманы болғаны белгілі болды. 

Қайрат Нұртас секілді хит жасап, келіншегін көрсетіп, жалайырға жар салмайтынын да жеткізді ол. Уақыты келген кезде келіншегім біртіндеп таныла бастайтын шығар дейді әнші. Сонымен қатар, өнер иесі жарының жұмыс басты екенін де айтып қалды.

"Мен не десем болады. Тыңдарманым болды десем болатын шығар. Алдағы уақытта арнайы келіншегім туралы барлығын айтамын. Қайрат сияқты менің ондайым жоқ. Жақтырмай айтып жатқан жоқпын. Қайрат ренжіп қалмасын. Қысқаша айтайыншы келіншегім өзі туралы айтпағанымды көңіліне алатындай қолы да бос емес. Желіге келіншегімді мен салған жоқпын", - дейді Ернар Айдар. 

Талқылау