Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тимур Турлов шымкенттік телекоммуникация компаниясын 1,1 млн долларға сатып алды

Тимур Турлов басқаратын Freedom Holding Corp шымкенттік телекоммуникация компаниясы "DITel" ЖШС-ның 100% акциясын 1,1 миллион долларға сатып алды. Келісімшарт 2024 жылдың қаңтарында жасалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Forbes Kazakhstan сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Forbes.kz

Телекоммуникация қызметін ұсынатын DITel 2019 жылдың қыркүйегінде құрылған. Компания құрылған күннен бастап 11 ай бойы Дмитрий Сабазовқа, ал 2020 жылдың қыркүйегінен 2024 жылдың қаңтарына дейін Тимур Телешевке тиесілі болған.

Компанияның алғашқы иесі Сабазов қазір "Freedom Telecom" ЖШС басқарма төрағасының кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі орынбасары қызметін атқарады. "Freedom Telecom" – Тимур Турловтың негізгі телеком активі.

2024 жылдың қаңтарынан бастап DITel құрылтайшысы ретінде тек Freedom Kazakhstan компаниясы көрсетілген. Бұл – 26,7 млрд теңге капиталымен тіркелген Freedom Holding Corp-тың еншілес холдингі. Холдинг арқылы Freedom тобы Comrun-ның 90% және Ticketon Events, Paybox Technologies, Aviata, “Интернет-Туризм” ЖШС (Chocotravel) компанияларының 100%, арнайы мақсаттағы FRHC Fractional SPC Ltd компаниясын 100% иелік етеді. 


Tele2/Altel катарлықтарға 1 миллиард долларға сатылатын болды


Adata.kz сайтындағы деректерге сәйкес, DITel 2019 жылдан 2024 жылдың маусымына дейін 67,7 миллион теңге салық төлеген. Компания мемлекеттік сатып алуларға да қатысады. 2021–2024 жылдар аралығында “DITel” ЖШС жалпы құны 5,9 миллион теңге болатын 10 келісімшарт пен екі қосымша келісім жасасқан. Келісімдерге сәйкес, компания жалпы білім беретін мектеп пен Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары бөлімін интернет желісіне қосу бойынша қызмет көрсеткен екен. 

Еске салсақ, бұған дейін Тимур Турлов Қазақстанда жаңа 5G ұялы байланыс операторын құруға ниетті екенін мәлімдеген еді. 

Талқылау