Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тимур Турлов Қазақстанда жаңа 5G байланыс операторы пайда болатынын айтты

Тимур Турлов Қазақстанда жаңа 5G ұялы байланыс операторын құруға ниетті екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Freedom Holding Corp негізін қалаушы коммуникация нарығына қатты қызығушылық танытқанын және "телекоммуникация біздің экожүйенің жаңа өзегі, шешімдердің тиімділігі туралы идеяны өзгертуге мүмкіндік беретін тірек нүктесі болуы әбден мүмкін" деді. 

Кәсіпкер бірнеше жылдың ішінде мүлдем жаңа 5G ұялы байланыс операторын құруға ниетті екенін айтты. 

"Біз өмірімізге шағымдана бермей, еліміздің ең маңызды мәселелерінің бірін шешуге тырысып көрмекпіз. Біз интернеттің бүкіл ел бойынша барлығына қолжетімді болғанын қалаймыз",  – деп жазды Турлов.

Турлов жеке желі құру үшін құрлысын өте арзанға бастау қажет деп санайды. Және табысты желінің өзінен ғана емес, басқа да арналар арқылы табу қажет леп санайды. 

Кәсіпкер өзінің холдингінің клиенттер базасын кеңейтіп, сапалы өнім шығаруды мақсат ететінін айтты.

Талқылау