Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

TikTok АҚШ-қа қауіп төндіретіні мәлімделді: Трамп жарлыққа қол қойды

АҚШ президенті Дональд Трамп "TikTok қауіп-қатерімен күрес туралы" жарлыққа, сондай-ақ "WeChat қытайлық мобильді қосымшасының қауіп-қатеріне" қарсы күрес жайлы жарлығына қол қойды деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме беріп Stan.kz.

трамп

Құжаттарға сәйкес, американдық юрисдикциядағы осы қосымшалардың иелері-ByteDance және Tencent компанияларымен жасалған кез келген мәмілелер 45 күн ішінде тоқтатылуы керек, деп хабарлайды РИА Новости.

TikTok-қа қарсы күрес туралы Жарлықта "Қытай Халық Республикасындағы компанияларға арналған және тиесілі мобильді қосымшалардың АҚШ-та таралуы ұлттық қауіпсіздікке, сыртқы саясатқа және АҚШ экономикасына қауіп төндіруде" делінген. 

"TikTok автоматты түрде пайдаланушылар туралы көптеген ақпаратты, оның ішінде орналасқан жері мен іздеу тарихын көшіреді", - делінген жарлықта.

Ақ үйдің айтуынша, бұл жағдай Қытай Компартиясының американдықтардың жеке мәліметтеріне қол жеткізуіне әкелуі мүмкін.

"Бұл Қытайға федералды қызметкерлер мен келісімшарт жұмысшыларының орналасқан жерін бақылауға, бопсалау үшін жеке ақпараттан құжаттама жасауға және өнеркәсіптік тыңшылық жасауға мүмкіндік береді", - делінген Жарлықта.
Дональд Трамптың өзі "бір нақты қосымшаның қатеріне"жауап беру үшін күш салуға шақырды.

"Америка Құрама Штаттары біздің ұлттық қауіпсіздігімізді қорғау үшін TikTok иелеріне қарсы агрессивті әрекеттер жасауы керек", - деді АҚШ президенті.

Бұған дейін Дональд Трамп TikTok-қа қытай компаниясы заң бойынша пайдаланушылар туралы деректерді қытай билігіне беруі керек деген негізде тыйым салады деп қорқытты.

Өз кезегінде TikTok пайдаланушылардың деректерін қытай билігіне жібермеді және беруді жоспарламайды деп мәлімдеді.

АҚШ президенті қосымшаны американдық компания сатып алуы керек деді, Тек осылай ғана ол Штаттарда жұмыс істей алады.

Microsoft компаниясы Трамппен кеңескеннен кейін қосымшаны сатып алу туралы келіссөздерді жалғастыратынын растады. Сонымен бірге, Рейтер агенттігі қызмет иелері - ByteDance оны 50 миллиард долларға бағалайды, ал Microsoft 30 миллиард доллардан артық төлеуге дайын емес деп хабарлады. Трамп 15 қыркүйекке дейін TikTok сатып алу туралы ықтимал келісімге келгенін айтты.

Талқылау