Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тиіспе!": Қазақстан қалаларында қоғамдық көліктердегі жыныстық харассментке қарсы акция басталды

Қазақстанның алты қаласында қоғамдық көлікте жыныстық азғындыққа қарсы іс-қимыл бойынша акция басталды. 

Автобус салондарында қоғамдық көлікте жыныстық азғындыққа тап болғандар үшін іс-қимыл алгоритмі бар плакаттар орналастырылды.

"#Тиіспе акциясының мақсаты – бұл қоғамдық көліктегі харассментке қарсы тұру және қоғамда бұл құбылысқа жеккөрінушілікті қалыптастыру. Плакаттар Алматы, Шымкент, Атырау, Павлодар, Өскемен және Семей қалаларында 300-ден астам автобусқа жабыстырылған.

Қазақ және орыс тілдеріндегі плакаттарда қоғамдық көлікте харассментпен бетпе-бет келгендерге арналған нұсқаулық берілген. Жыныстық харассмент құрбандары постердегі QR арқылы өз оқиғасымен анонимді түрде бөлісе алады.

“Бұл акция — мәжбүрлі шара. Шымкентте № 52-маршрутта жолаушылардың бірі қыздарға қарап, мастурбация жасаған жағдай болды. Бұл жағдай болған кезде қыздар абдырап қалды. Сондықтан қоғамдық көліктегі харрасмент кезінде қалай әрекет ету керек екенін түсіндіретін осындай пострерлердің пайда болғаны қуантады”, - деді "SHYMKENT BUS" ӨК" ЖШС автопарк директорының орынбасары Альфараби Абдраш.

Акцияны Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесі мен канадалық жергілікті бастамалар қорының (Cfli) қолдауымен MediaNet Халықаралық журналистика орталығы ұйымдастырды.

Орталық жүргізген зерттеу қорытындысы бойынша Қазақстандағы әйелдердің 21%-ы қоғамдық орындарда харассментке тап болған. Алайда, сарапшылардың айтуынша, шын мәнінде статистика бұдан да жоғары. Әртүрлі себептермен жыныстық харассмент құрбандары бұл туралы айтпай, жасырып қалады.

 

Талқылау