"Тиімді шартпен валюта айырбастауды ұсынады": ІІМ шетелде жүрген қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті
Ішкі істер министрлігі шетелдегі қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертіп, мессенджерлердегі топтарда сақ болуға кеңес берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Шетелде жүрген азаматтар көбіне Telegram және WhatsApp чатын құрып, ақпарат алмасып, бір-біріне көмектесіп отырады. Мұны алаяқтар пайдаланады дейді. Олар чаттарға қосылып алады да, өздерін қазақстандық ретінде көрсетіп, әдеттегіден де тиімдірек шарттармен валюта айырбастау қызметін ұсынады.
Ақша айырбастағысы келетіндермен тікелей хабарласпай-ақ, алаяқтар құрбандарға криптовалюта немесе дроппер сататын адамдардың реквизитін ұсынады. Валюта айырбастау үшін ақша алып алады да, хат-хабарларды өшіріп, чаттардан шығып кетеді.
Кореяда, Қытайда, АҚШ-та қазақстандықтардың алданған фактілері байқалыпты.
"Біз азаматтарды қырағы болуға және күмәнді ұсыныстарды қабылдамауға шақырамыз", – деп атап өтті департамент.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді
Рамазан айы басталып, Ұлттық қордан балаларға ақша түседі: Ақпаннан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты талаптарды жұмсартты