Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тиімді әрі бақылау мүмкіндігі бар: Bereke Bank ұсынатын икемді депозит 

Қазақстандағы барлық банктердің арасында Bereke Bank депозит мөлшерлемесі бойынша бірінші орынға шықты, мөлшерлеме —  жылдық 15,9%-ға (СЖТМ) дейін. Банк нарықтағы ең тиімді шарттардың бірін ұсынып отыр: жоғары кірістілік, икемділік және сенімділік. Bereke Bank-ті таңдап, сіз тұрақтылыққа қол жеткізесіз әрі болашағыңызға сенімді боласыз.     

Айта кетері, Bereke Bank депозиттердің өсімі бойынша өзінің көшбасшы мәртебесін тағы да растап, Қазақстан банктерінің арасында пайда өсімі бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Банк пайдасы бір жыл ішінде 30 есеге, 254 млн теңгеден 7,6 млрд теңгеге дейін ұлғайды (1.03.2025 ж. жағдай бойынша ҚР Ұлттық Банкінің деректері).

Мұндай нәтиже жүйелі жұмыстың, стратегиялық тәсілдің, инновациялық қаржылық шешімдерді енгізудің және клиенттер тарапынан көрсетілген жоғары сенімнің арқасында мүмкін болды.

Аталған өсімге өзгермелі мөлшерлемемен жаңа икемді депозитті іске қосу түрткі болды, оның кірістілігі жылдық 15,9%-ға (СЖТМ) жетеді, бұл нарықтағы ең жоғары мөлшерлемелердің бірі. Өнім өз қаражатын бақылауда ұстап, күн сайын табыс табуды қалайтын клиенттердің қажеттіліктері ескеріле отырып жасалды. Депозитті еркін толтыруға және қаражатты шешіп алуға болады, ал пайыздар күн сайын есептеледі және клиенттің шотына аударылады. Бұл депозит күнде табыс тапқысы келетін жандарға және өз қаражатын еркін басқарғысы келетіндерге арналған, бұл оны нарықтағы ең тиімді салымдардың бірі етеді.        

Маңыздысы, мөлшерлеме ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің және тіркелген спрэд сомасы ретінде қалыптасады, бұл нарықтық жағдайға бейімделуге мүмкіндік береді және қаражатты инфляциядан қорғайды.

Салымның артықшылықтары:

  • Кірістілік 15,9%-ға дейін (СЖТМ)
  • Пайыздарды күн сайын төлеу мүмкіндігі 
  • Қаражатты кез келген уақытта толықтыру және шешіп алу мүмкіндігі 
  • Инфляциядан қорғау 
  • Онлайн немесе кез келген бөлімшеде ашу
"Біз клиенттерге ертеңгі күніне сенімділік сыйлайтын шешімдер ұсынамыз. Икемді салым — бұл еркіндік және күнделікті табыс", – деп атап өтті банкте.

Салымды банк бөлімшелерінде немесе мобильді қосымша арқылы ресімдеуге болады. Bereke Bank клиенттік қызметті дамытуда және кірістілікті, икемділік пен ыңғайлылықты негізге алып, заманауи қаржылық шешімдерді ұсынады.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 27.02.2025 ж. берген  
№ 1.1.199 лицензия

Талқылау