Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тибет буддаларының көшбасшысы монахтық серттен бас тартып, бала күнгі дос қызына үйленді

Тибет буддалық төрт мектебінің бірінің көшбасшысы Тринле Тхае Дордже өзінің монахтық міндетінен бас тартып, бала күнгі құрбысына үйленуге бел байлады.

image29257683_b5aa38ce2226ae2605eb6f8981d61987

Ол XVII ғасырдағы Кармап ретінде таңдалған. Кармап дегеніміз – XII ғасырда өмір сүрген көшбасшы Карма Кагью. Будда ілімі бойынша, барлық жаратылыс қайта дүниеге келеді. Ерекше жандар да қайта өмірге келеді деген наным бар. Тіпті, әрбір кармап өлерінің алдында өзін қайдан іздеуі керек екенін хатқа жазып кетеді.

Ал, кейде өзін-өзі жариялап, кармап екенін айтатындар да болады. Кармаптың өлімінен соң оның жаны қонған адамды іздеген еді. Соған байланысты қазір Тринле Тхае Дорджені Кармап деп мойындайтындар мен мойындамайтын екі топ бар. Екінші топ Ургьена Тринле Дорджені кармап деп санайды.

«Менің үйленуім өзім мен отбасыма жақсы әсер етеді деген сенімдемін. Бұл бәрі үшін сәттілік әкеледі», – дейді Тринле Тхае Дордже.

Алайда, Тринле Тхае Дордже кармап титулынан бас тартпайды.

Оның таңдаған жары 36 жастағы өзінің бала күнгі құрбысы. Тринле Тхае Дордже Тибетте ауқатты дворян отбасында өмірге келген. Ол 1 жарым жасында өзін кармап деп жариялаған.

Тринле Тхае Дордженің қарсыласының атақты болуының өзіндік себебі бар. Себебі оны Далай Ламаның өзі таңдаған.

Жіберіп алмаңыз:

Жоғалған ер адамның денесінің қалдықтарын жылан ішінен тауып алды (видео)

Отбасы жүкті болып қалған қыздарын 16 жыл бойы тыржалаңаш қамап ұстаған

19 перзенті бар ана 20-сәбиіне жүкті (фото)

Талқылау