Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Террористік топ құрамына кірген қазақстандық Болгариядан экстрадицияланды

Террористік топтың мүшесі Болгариядан Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: видеодан кадр
Террористік топтың жұмысына қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматы елге жеткізілді.

"Бүгін Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және ІІМ Интерполының қызметкерлері Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің жәрдемдесуі арқылы Болгария Республикасынан Қазақстанның азаматын террористік топтың жұмысына қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында экстрадициялады. Ол радикалды діни ағымның қолдаушысы бола тұра, 2015 жылы Сирия Араб Республикасының аумағына барып террористік топтардың бірінің құрамына кірген", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты оған қатысты соталды тергеп-тексеру басталып, халықаралық іздеу жарияланды. Мамырда ол Болгария аумағында ұсталған.

"Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды. Фигурантты экстрадициялау Болгария тарапымен 2014 жылғы 14 қарашадағы адамдарды ұстап беру туралы екі жақты шарттың болуына байланысты мүмкін болды",- деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қыззметі.

Оған айып тағылған қылмыс үшін мүлікті тәркілеумен бірге 8 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
 

Талқылау