Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көбі шыдамай, жасамаған қылмыстарын жасадым деп мойындауға мәжбүр болады": Қайрат Құдайберген тергеу изоляторындағы сұмдық жайттардың бетін ашты

Қаңтар оқиғалары кезінде митингте болғаны үшін тергеу изоляторына қамалған кәсіпкер, қоғам белсендісі Қайрат Құдайберген ондағы сұмдық жайттардың бетін ашты. Қапаста отырған ол не көргенін және күдіктілер қандай жағдайда отырғаны жайлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тергеу изоляторында отыру түрмеде отырудан әлдеқайда жаман, сондықтан тергеу изоляторындағы бір ай заң жүзінде бір жарым айға тең деп баса айтты кәсіпкер.

“ҰҚК-нің тергеу изоляторында камераласыңыздан басқа ешкіммен сөйлесе алмайсыз. Екеуіңіз ені екі метр, ұзындығы бес метрлік қапасты бөлісесіздер. Терезе сыртынан 60-70 см қоршалған қорап тәрізді құрылыс болып табылады, ол қабырғаға дәл сол 60 см ойықпен шегеленген, күндіз торға күн сәулесі аздап түседі”, – деп жазды ол.

Белсенді изолятордағы уақытын кір жуумен өткізуде екенін атап өтті.

“Біз бұл уақытты кір жууға пайдаланамыз. ҰҚК-нің тергеу изоляторындағы дәретхана 12/18 тергеу изоляторындағы әжетханаға қарағанда ашық. Биіктігі 1,20 қабырға бір жағында ғана, ал алдыңғы бөлігін өзіміз есікпен жабамыз. Ал есік деп отырғаным жай ғана мата”, – деп жазды ол.

Сөзінше, онда аптасына бір рет душқа түсуге болады.

“Дәретхананың астында жуынамыз, ол мүлдем шыдамай бара жатқандағы мәжбүрлік шара. Дәретхананың  аяқ деңгейінде жасалғаны қандай жақсы”, – деді ол.

Онда жұмыс істейтін қызметкерлерді кәсіпкер өте адекватты адамдар, тіпті олар өз саласының нағыз кәсіби мамандары деп атады. 

“Артық ештеңеге жол берілмейді. Барлығы ережеге сәйкес. Мен айтқан нәрселердің бәрі бұл адамдардың кінәсі емес. Бұл – жүйенің кінәсі”, – деді Құдайберген.

Ол жататын орындарды ұйықтауға мүмкін емес металл жақтау деп атады.

“Төсек – бөлек азаптау материалы. Егер жанашыр қызметкерлер фанера тақтайшасын бермесе, онда ешқандай ирониясыз, берілген матраста ұйықтап адамның омыртқасы қисаюы мүмкін. Өйткені бұл жердегі кереует – бір-біріне темір құбырлар мен тақтайшалар бойымен және көлденеңінен жалғанған металл жақтау ғана. Оларда фанердің бір бөлігінсіз ұйықтау – нағыз азап”, – деп түсіндірді ол.

Айтуынша, мұндағы күдіктілер рецедивист қылмыскерлерден де нашар жағдайда отыр.

“ҰҚК-нің тергеу изоляторының ғимараты өткен ғасырдың 30-шы жылдары салынған. Осында ата-бабасынан айырылған аталарымызды НКВД-ның иттері атып өлтірген. Қазір мұнда жай ғана қылмыс жасады деген күдікке ілінген адамдар адамгершілікке жатпайтын жағдайда отыр. "Күдікті" деп баса айтамын, соған қарамастан олар мұнда рецедивист қылмыскерлерден де нашар жағдайда отыр. Олардың көбі бұл жағдайға шыдамай, жасамаған қылмыстарын, жасадым деп мойындауға мәжбүр болады. 

Әлі есімде, осыдан 6-7 жылдай бұрын халықаралық еуропалық стандартқа сай жаңа тергеу изоляторын салу мәселесі талқыланған болатын. Бірақ әдеттегідей бұған бюджеттен ақша болмады алайда ЭКСПО 2017 үшін ақша табылды. Міне, өмір шындығы. Біздің елде адам тағдыры таразының бір жағында, көрсеқызығушылық бір жағында болса, көрсеқызығушылық таңдалады. Құқық қорғау жүйесін өзгерту керек. Сөз жүзінде емес, іс жүзінде”, – деп жазды ол.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы қалалық мәслихат депутаты Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі ұзартылғаны айтылған еді. 

Талқылау