Теннисші Юлия Путинцева Қазақстанға рекорд алып келді

Фото: Іnstagram.com/yulia_putintseva
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева “Ролан Гаррос” турнирінде үшінші айналымға шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Теннисші екінші айналымның екі сағаттық матчында 7:6 (7:5); 6:3 есебімен тайбэйлік спортшы Джоанна Гарленді жеңді.Бұл жеңіс Қазақстанға рекорд алып келді.
“Роланд Гарростың” келесі раундында Путенцева ресейлік 18 жастағы вундеркинд, әлемнің алтыншы ракеткасы Мирра Андреевамен бақталасады.
Vesti.kz хабарлағандай, Қазақстан тарихында алғаш рет бірден үш спортшы "Ролан Гаррос" турнирінің үшінші айналымына шықты. Еске сала кетейік, Елена Рыбакина Йовичті жеңіп, келесі кезеңге өтті, ал Александр Бублик керемет тартысты матч өткізіп, өзіне принципті қарсылас саналатын Алекс де Минаурды жеңіп шықты.
Айта кетейік, Юлия Путенцева – Қазақстанның екінші, әлемнің отыз бірінші ракеткасы.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар

