Tengri Bank-тің бұрынғы менеджерлері ұсталды
Tengri Bank-тің бұрынғы қызметкерлері ұсталды. Бұл ақпаратты қаржы министрлігінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, Tengri Bank басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Бақтияр Ілиясов пен банктің Алматыдағы филиалы директорының бұрынғы орынбасары Әсет Жадықов ұсталды.
Еске салайық, Tengri Bank 2020 жылдың қыркүйегінде лицензиясынан айырылды.
"Міндетті нормалар мен лимиттерді жүйелі түрде бұзғаны үшін, қадағалау шараларын жүйелі түрде орындамағаны үшін Банкті бағалы қағаздар нарығында банктік және өзге операциялар мен қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айыру туралы шешім қабылданды", - деді Қаржылық нарықты реттеу және дамыту агенттігіндегілер.
2026 жылдан бастап доллар бағасы мен инфляция қалай өзгереді – Экономистер болжам жасады
Салық пен айыппұл өсіп, қымбатшылық басталады: 2026 жылдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
70 жастағы зейнеткердің зейнетақысы 2025 жылы 171 588 теңге болса, 2026 жылдан бастап ол 192 816 теңгеге дейін көтеріледі