Температура төмендеп, жаңбыр жауады: Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады
Қазақстан бойынша 2022 жылдың 21-23 шілдесіне арналған ауа райы болжамы жарияланды. “Қазгидромет” мамандарының болжамына сәйкес, алдағы күндері еліміздің батысында температура төмендейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еліміздің басым бөлігінде алдағы үш тәулікте солтүстік-батыс және оңтүстік циклондардың ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады. 22 шілдеде республиканың шығысында қатты жаңбыр жауады. Сонымен қатар найзағай ойнап, бұршақ жаууы болжанады, желдің күшеюі күтіледі.
Батыс өңірлерінде жылудың төмендеуі байқалады. Қазақстанның солтүстік жартысында күндізгі температура +23+28°С шегінде болады.
Ал оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Тек таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай күтіледі. Ауа температурасының аздап төмендеуіне қарамастан, ол климаттық норма шегінде сақталады.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар