Теміртауда кәмелетке толмаған баланы зорлады деген күдікті соттың ғимаратында асылып қалды
Теміртау қалалық сотында уақытша ұстау изоляторында қамалған күдікті өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттңгң.

Оқиға 57 жастағы күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы санкцияланғаннан кейін орын алған.
"Ұсталған азамат кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікке ілінді. Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі "Өзін-өзі өлтіруге апару" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаменті.
-
Шымкентте кісі өлтірді деген күдікті изоляторда өзіне қол салған
-
Жамбыл облысында бесінші сынып оқушысы өзінен кішкентай балаларды жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген
Облыстық соттың баспасөз қызметі күдіктіні сот ғимаратының арнайы бөлмесіндегі камераға шығарып салып, қамауда ұстағанын, ол жерде өз-өзіне қол жұмсағанын хабарлады.
Қарағанды облысы полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп, сотталушыны қадағалауы тиіс Теміртау қалалық ІІБ қызметкерлерінің қызметтік міндеттеріне немқұрайлы қарауы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.
Қазақстанда 2026 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар қалай өзгереді?