Теміртауда ер адам әйелінің ажырасамын деген сөзінен кейін жүк көлігімен өзін өлтірмек болды
Қарағанды облысында жүк көлігінің жүргізушісі жұбайымен жанжалдасқаннан кейін, өз-өзіне қол жұмсауға әрекет жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Вечерняя Караганда" Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Оқиға Бұқар Жырау ауданындағы Мұстафин атындағы ауылда болған. Жүк түсіргішін айдаған ашулы жүргізуші ауыл тұрғындарының есін шығарған. Ол көлігімен елді мекендегі сымдарды үзіп ары-бері жүрген.
Осыдан соң ер адам жүк көтергішімен бірге ауылдан қашып кетеді. Тұрғындардың шақыртуымен келген полицейлер ауылдан екі шақырым жердегі даладан тәртіп бұзушыны тапты. Ер адам автомобильде өзін өлтірмек болған.
Полицейлер мен дәрігерлер 39 жастағы теміртаулық азаматты құтқарып үлгерді.
Белгілі болғандай, ер адам ажырасамын деп қорқытқан әйелімен жанжалдасқаннан кейін осындай қадамға баруға шешім қабылдайды.
Енді азамат жүргізуші куәлігінен айырылып, залалды өтеуге мәжбүр болмақ.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар