Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тележүргізуші Дана Нұржігіт депутат болып тағайындалды

Көпке белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт сенат депутаты болып тағайындалды. 

Тележүргізуші Дана Нұржігіт депутат болып тағайындалды

Сүйінші хабарды тележүргізушінің өзі парақшасында хабарлады. 

"ҚР президентінің жарлығымен ҚР парламентінің сенат депутаты болып тағайындалдым", - деп жазды ол. 

Әр жылдары бірнеше бағдарлама тізгінін ұстаған, телеэкранның көркіне айналған, көрерменге ой саларлық салмақты бағдарламаларды жүргізген Дана Нұржігіт ҚР парламенті сенатының депутаты болды. 

Тиісті жарлыққа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. 

Нұртөре Жүсіп пен Асқар Шәкіров сенаторлар болып тағайындалды,

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Жүсіп Нұртөре Байтелесұлы және Шәкіров Асқар Оразалыұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып тағайындалды», - делінген сайтта.

Нұртөре Жүсіп - белгілі журналист және қоғам қайраткері.

Асқар Шәкіров бұған дейін Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін атқарған.


Дана Нұржігіт: 11 рет ЭКО жасатып, баламды өмірге әкелгенде күйеуім сатқындық жасады
Талқылау