Тележүргізуші Анна Данченконың анасы тағы да сырқаттанып қалды
Отандық тележүргізуші Анна Данченко анасының денсаулығы кенеттен нашарлап кеткенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аннаның желіге жариялаған жазбасы көпшілікті алаңдатып қойды.
“Құдайым-ай, не болып кетті? Жаңа ғана бәрі жақсы еді ғой. Уайымдап жазып жатқан жандарға көп рахмет! Жауап беруге шамам жоқ. Жедел жәрдем шақырған едік. Мамамны қайта емханаға жатқызды. Қалғаны ертең белгілі болады деді. Аллам шипасын берсінші”, – деп жазды тележүргізуші.
Аннаның айтуынша, анасында осыдан бір ай бұрын инфаркт болған екен. Енді инсульт алыпты.

Айта кетейік, бұған дейін Анна Данченко анасының денсаулығы сыр бергенін айтқан болатын.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"