Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Телепродюсер Асқар Жүнісбековті танымаймын деген Толқын Забироваға ұрысып тастады

Белгілі телепродюсер Ақылбек Досжанов әнші Толқын Забирова мен Нұргүл Нұғымановаға ренішін айтты. Екі әншінің Асқар Жүнісбековті танымаймыз дегені оның намысына тиіп кеткен сыңайлы. 

"Жұлдызды жекпе-жек" бағдарламасында Асқар Жүнісбеков өнер көрсетті. Оның өнеріне баға берген Нұргүл Нұғыманова Асқардың шығармашылығынан бейхабармын деді.

Әділқазылар алқасындағы Толқын Забирова да осындай пікір айтты. 

"Мен сізді бірінші рет көріп тұрмын. Даусыңызды да бірінші рет естіп тұрмын. Әдемі лирикалық ән айттыңыз, өзіндік ерекше даусыңыз бар. Диапазоныңызды да көрсеттіңіз. Бірақ мен сіздің шығармашылығыңыздан бейхабармын", - деді Толқын Забирова.

Әділқазылардың бұл пікірі әншіге ауыр тиген сыңайлы. Көңіл-күйі түсіп кетті. 

Әншіні телепродюсер, B.A.S. Production басшысы Ақылбек Досжанов қолдай кетті.

"Менің әділқазыларға өкпем бар. Асқар Жүнісбековті қалай танымайсыздар? Сахнаға бірінші рет шығып тұрған бала емес қой. Сіздер осы "Жұлдызды жекпе-жекке" келе жатқандарыңызды білесіздер. Кімнің өнер көрсететінін білесіздер. Егер танымай жатсаңыздар, желіден іздеп, кім екенін, өнері қандай екенін, даусы қандай екенін тыңдап көруге болмай ма? Қазір бәрі желіде. 5 минут тыңдасаңыз жеткілікті. Осымен 2-3 рет байқадым, келіп алып ананы танымаймын, мынаны танымаймын деп отырасыздар. Мен кәсіби продюсер ретінде әділқазылар алқасына жастарды қосар едім. Егер менің қолымдағы бағдарлама болғанда, дәл осы пікірлеріңізді кесіп тастар едім. Ол үшін маған ренжімеңіздер. Келесі жолы осындай нәрсе тағы болмас үшін айтып жатырмын", - деді продюсер. 

"Мен шынында да танымаймын бұл баланы. Танымаған соң айттым", - деді Нұғыманова. 

"Мен Элтон Джон емеспін ғой, немесе Мейрамбек Бесбаев емеспін. Мені бәрінің тануы міндетті емес", - деді Асқар Жүнісбеков. 

Бұл пікірі үшін продюсерден Асқардың өзі де сын естіп қалды. 

"Бізде қазақи психолоия осыла қалыптасқан. Мен ешкім емеспін ғой деген. Сені Толғанайың арқылы, басқа әндерің арқылы таниды бәрі. Неге саған Мейрамбек Бесбаев болмасқа? Не үшін сен өзіңде дәледеуге келіп тұрып өзіңді түсіресің? Жекпе-жекке келген соң өзіңді көрсет, не шоу жаса", - деп түйіндеді Досжанов. 

 

Талқылау