Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Telegram негізін қалаушы Павел Дуровты қамауға алу мерзімі ұзарды

Францияның сот органдары Telegram негізін қалаушы Павел Дуровты қамауға алу мерзімін ұзартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Likeni.ru

Ол Париж әуежайында өзі жасаған мессенджерге қатысты құқықбұзушылықтарды жасады деген күдікпен қамауға алынды.

Дуровты қамауға алу тергеу судьясының шешімімен 96 сағатқа созылуы мүмкін.

Осы мерзім аяқталғаннан кейін судья оны босату немесе қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдай алады.



Францияның әділет министрлігі Дуровты алаяқтық, есірткі саудасы, киберқорлау, ұйымдасқан қылмыс және терроризмді насихаттау сияқты қылмыстарға қатысты алдын ала тергеу аясында тұтқындауға ордер берді.

Дуров өз платформасын қылмыстық жолмен пайдаланудың жолын кесу шараларын қолданбады деген күдікке ілінді. 

Еске салайық, Париждегі Ле-Бурже әуежайында "ВКонтакте" әлеуметтік желісінің мен Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров ұсталған еді. Ол Әзірбайжаннан жеке бизнес-джетпен ұшып келгені туралы хабарланды.

Талқылау