Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкесінің телефонға көңілі ауып кеткен: Павлодар облысында көпқабатты үйден бір жастағы сәби құлап кеткен

Павлодар облысының Солнечный ауылында көпқабатты үйдің балконынан бір жасар сәби құлап кетті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz-ке сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 қыркүйек күні түстен кейін Екібастұз ауруханасына 2020 жылы туған бала түрлі жарақаттармен жатқызылды.

Полицияның мәліметінше, сәби әкесімен бірге қонақта болған. Ер адам ұялы телефонына көңіл бөліп, ұлынан көз жазып қалған. Осы уақытта бала балконға шығып, терезеден құлаған.



Павлодарлық дәрігерлер зардап шеккен баланың жағдайына қатысты түсініктеме берді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі уақытта баланың жағдайы ауыр, ол жансақтау бөлімінде жатыр.

“Жақында оған көкбауырды алып тастау мақсатында ота жасаған”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ дәрігерлер балаға ауыр бас сүйек-ми жарақаты, ми шайқалуы, көкірек қуысының органдары жарақаты диагнозын қойды. 

Талқылау