Телефон "скринына" тосқауыл: Ashyq мәртебесі енді жанып-өшіп тұрады
Ashyq қосымшасындағы мәртебе енді жанып-өшіп тұратын болады. Бұл жүйе мекемелерге телефон экранынан ескі мәртебені "скрин" жасап кіргісі келетіндердің жолын бөгемек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ashyq қосымшасының жасап шығарушыларынан тағы бір жаңалық: телефон экранын "скриндап" алуға тосқауыл, мәртебе жанып-өшіп тұрады әрі айқын көрінетін болады", – деп "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева Facebook әлеуметтік желісінде хабарлады.
Ол Ashyq қосымшасындағы жаңа жүйе қалай жұмыс істейтінін көрсеткен бейнежазбаны да қоса салған.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі жаңа қорғаныс скриншоттарды түсіруге ғана емес, сонымен қатар экранды жазуға да мүмкіндік бермейтінін түсіндірді.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды