Tele2/Altel Kanye West-тің концертіне келген 14 мың адамды желімен қамтамасыз етті

Оператор радиожиілік ресурсының бір бөлігін пайдалануға уақытша шектеу қойылғанына қарамастан, желіні шоудың арнайы техникалық талаптарына бейімдеді.
Алматыдағы Орталық стадионда өткен әлемдік жұлдыздың концерті халықаралық ауқымдағы оқиғаға айналып, қалалық инфрақұрылым үшін күрделі техникалық міндет болды. Мұндай деңгейдегі шоу ұйымдастырушылардың, қалалық қызметтердің және технологиялық серіктестердің үйлесімді жұмысын талап етеді.
Tele2/Altel үшін бұл стандартты емес міндет болды. Концерт ұйымдастырушыларының өтініші бойынша және Алматы әкімдігімен келісім негізінде операторға Орталық стадион аумағында радиожиілік ресурсының бір бөлігін пайдалануды уақытша шектеуге тура келді. Сонымен қатар команданың алдында қарама-қайшы міндет тұрды: пайдаланушылардың тығыз шоғырланған жағдайында мобильді интернеттің жоғары сапасын қамтамасыз ету.
Жүктеменің жоғары болуына және радиожиілік ресурсының бір бөлігінің уақытша шектелуіне қарамастан, 14 мыңға жуық пайдаланушы шамамен 4 ТБ трафик тұтынды. 5G желісіндегі жылдамдық 350 Мбит/с-тен асып, мобильді интернетке қосылудың сәттілігі 100%-ға жуық деңгейде сақталды.

Халықаралық шоудың арнайы техникалық талаптарына желіні бейімдеп, сонымен қатар клиенттерге көрсетілетін қызметтің жоғары сапасын сақтау – күрделі міндет. Техникалық команда бұл міндетті орындап, концерттік жабдықтардың жұмысына қажетті радиожиілік жағдайларын қамтамасыз етті. Сонымен қатар оператор қысқа мерзім ішінде Орталық стадион мен оған іргелес аумақтағы инфрақұрылымды күшейтті.
"Әлемдік жұлдыздың келуі – ел үшін әрдайым үлкен оқиға, сонымен қатар ұйымдастырушылар үшін ауқымды жұмыс. Шоу форматы радиожиілік ортасына қойылатын ерекше техникалық талаптары бар жабдықтарды пайдалануды көздеді. Бұл талаптарды қысқа мерзім ішінде орындау қажет болды. Tele2/Altel компаниясына жеделдігі мен кәсібилігі үшін алғысымызды білдіреміз: команда қажетті өзгерістерді тез енгізіп, стадион аумағындағы желіні қосымша күшейтті. Технологиялық серіктесімізге жедел әрекеті, ашықтығы және стандартты емес міндеттермен жұмыс істеуге дайын болғаны үшін рақмет", – деп атап өтті First Media Group басқарушы директоры Альфия Нургумарова.
Концертке дайындық аясында Tele2/Altel техникалық дирекциясы Орталық стадион аумағындағы базалық станцияларды жаңғыртты. Олардың сыйымдылығы бұған дейін өткен ірі іс-шаралардың тәжірибесі ескеріле отырып кеңейтілді. Сонымен қатар Орталық стадион аумағында жоғары жүктемеге есептелген жаңа базалық станция салынды.
Tele2/Altel мамандары келушілердің әсіресе концерт басталар алдында және аяқталғаннан кейін стадионға кіріп-шығатын жерлерде көп шоғырланатынын ескерді. Сондықтан стадион маңында мобильді базалық станция жұмыс істеп, желінің өткізу мүмкіндігін арттырды. Бұдан бөлек, іс-шара кезінде электр энергиясы өшіп қалған жағдайда байланыс инфрақұрылымының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін компания стадион аумағындағы байланыс нысандарына қосымша резервтік электр қуатын ұйымдастырды.
"Ірі іс-шаралар стандартты емес шешімдерді талап етеді. Қала мен ұйымдастырушылардың өтініші бойынша біз желіні халықаралық шоудың арнайы техникалық талаптарына бейімдеп, сонымен қатар стадион қонақтарының үнемі байланыста болуы үшін бар мүмкіндікті жасадық. Біздің команданың мұндай іс-шараларды өткізу бойынша үлкен тәжірибесі бар: біз Алматы мен Астанада өткен Jennifer Lopez және Backstreet Boys концерттеріне, енді Kanye West концертіне желіні дайындадық. Осындай әрбір іс-шараның артында инженерлеріміздің орасан зор еңбегі және ондаған мың клиентіміз тұр. Алматы мен Қазақстанға әлемдік деңгейдегі іс-шараларды қабылдауға көмектесетін команда, тәжірибе және инфрақұрылым Tele2/Altel-де бар екенін мақтан тұтамын", – деді Tele2/Altel CEO-сы Александр Бабичев.

Инженерлер стадион аумағында және оған іргелес ауданда көптеген далалық өлшеулер жүргізіп, алынған нәтижелерді талдады және желі параметрлерін нүктелік түрде баптады. Бұл ретте көрермендердің болжамды орналасуы мен желіге түсетін жүктеме де модельденді.
Ірі іс-шаралар кезінде ондаған мың адам шағын аумақта бір уақытта шоғырланып, белгілі бір кіреберістер мен шығаберістер арқылы қозғалады және смартфондарын, әлеуметтік желілерді, мессенджерлер мен бейнесервистерді белсенді пайдаланады. Концерт барысында техникалық дирекция инженерлері желінің жұмысын нақты уақыт режимінде бақылап отырды. Бұл пайдаланушыларға стористер мен "кружочоктарды" тікелей эфир режимінде жүктеуге мүмкіндік берді.

Ауқымды іс-шараларды өткізу тәжірибесі компания ішінде халықаралық деңгейдегі оқиғалармен жұмыс істеуге бағытталған жеке технологиялық сараптаманың қалыптасуына ықпал етеді. Ал команда үшін әрбір келесі ірі концерт – жаңа сынақ. Жүктемені алдын ала болжау, инфрақұрылымды күшейту, желіні нақты шоу талаптарына бейімдеу және пайдаланушылар ең көп шоғырланған сәтте оның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету қажет.
Осылайша Tele2/Altel ірі іс-шараларда жай ғана байланыс операторы емес, Қазақстанда өтетін ең ірі оқиғалардың технологиялық серіктесіне айналып келеді.
Тәліптердің билік басына келгеніне 5 жыл: Ауғанстанда не өзгерді?