"Тектілік тұқым қуады": Әли Оқаповтың бір жастағы ұлы жұртты таңғалдырды
“Құрмет” орденінің иегері, әнші Әли Оқаповтың ұлы Зейін дүниежүзі елдерінің туларын көрсетіп, көпшілікті таңғалдырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/aliokapov
Өнер иесі жеке парақшасына видео жүктеп, бір жастағы ұлының зеректігін айтып, мақтанды.
“Қазақстанның туын қай жерде де бірінші көріп қояды”, – деп жазды әншінің әйелі Ақерке Бүркітбай.
-
"Қортық болып қалатынмын": Әли Оқапов 12 жыл бұрынғы фотосын бөлісті
-
"Анамызбен көрші тұрамыз": Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай отбасындағы соңғы жаңалықтарын бөлісті
Желідегі оқырмандарды баланың зеректігі таңғалдырды. Түрлі пікір жазып, ақ жол тілеп жатыр.
“Тектілік тұқым қуады екен”, “Атына заты сай балапан!", "Вундеркинд бала болайын деп тұр-ау", "Тіл-көзден аман болсын, ақылды ботақан!" деген жылы пікір жазды оқырман қауым.
Еске салайық, "Жақын адамдарды ғана шақырдық" деген Әли Оқапов ұлының тұсаукесер тойын өткізгенін жазған едік.

"Алдағы 10 жылда мұнай қоры таусылады": Сарапшылар "қара алтынсыз" Қазақстанның болашағы қандай боларын болжады
