Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тек, қана, ғана демеуліктерін дұрыс қолдану жолы

Қазақ тілінде демеулік шылаулар сөзге немесе сөйлемге күшейту, тежеу, шектеу, сұрау, болжалдық, күмән, нақтылау мән береді. Шектік мәндегі демеуліктер екеу: тек, қана (ғана). Олардың қалай жазылуы керектігі жайлы ақпаратпен бөлісеміз. 

Екі демеулік қазақ тілінде қатар қолданылмайды. 

Мәселен, егер сөйлемде тек демеулігі қолданылған болса, онда ол сөйлем ғана немесе қана демеулігін қажетсінбейді. 

Дұрысы: Мен ғана сабақ айттым. Бұрысы: Тек мен ғана сабақ айттым.

Сол сияқты ғана, қана демеуліктері қолданылған сөйлемге, тек демеулігін қосу қате болады. Себебі ол сөйлемге одан сайын шектік мән үстейді. 

Дұрысы: Қазақ тілінде ғана сөйлеңіз. Бұрысы: Тек қазақ тілінде ғана сөйлеңіз. 

Біз, Stan.kz редакциясы, қазақстандықтар қазақ тілінде сауатты жазып, сөйлегенін қалаймыз. Осы орайда, "Таза тіл" шығарылымдар сериясын жарияладық.

Қазақ тілінде сөйлеуде тағы қандай сәттерде қиындық туындайды? Адамдар қай кезде жиі қателеседі? Егер сауалдарыңыз болса, келесі форма арқылы бізге сұрақ жолдаңыз

STAN.KZ
Жұма, 25 Желтоқсан, 2020 16:06
Талқылау