Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жарқынай Ханайым Димаш Құдайбергенге тұрмысқа шығу туралы ойын бөлісті

Танымал әнші, актриса Жарқынай Ханайым оқырман қауымды толғандырған сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Өнер иелерінің жеке парақшасынан алынды

Желі қолданушылары Жарқынайдан Димаш Құдайбергенге тұрмысқа шығуға қатысты ойын білмек болды. Олар қос әртістен өте жарасымды жұп шығатынын айтқан.

“Теңеуіңізге рақмет, әрине. Бірақ өнер адамын ешқашан таңдамас едім. Маған тұрақты, тек менікі болатын, кадр сыртында жүретін, камераны ұнатпайтын, балаларыммен әуре болып, өзінің кәсібімен миы ашып, ыржың-тыржыңға уақыты жоқ жігітті армандаушы едім", – деп жазды актриса. 



Сонымен қатар актриса көңіл-күйі түскенде неден жұбаныш табатынын айтты. 

“Бүкіл эмоцияны сахнада шығарып аламын. Сосын күліп жүремін. Түсінген адамға әр күн – байлық, ғанибет. Оны мұңайып өткізуге болмайды. Депрессияға түсіп, уақыт құртқым келмейді. Ертеңді ойлап, бүгінді ойлап қолдағы бақытты жоғалтқанда өкінгім келмейді. Өмір сынымен, мінімен тамаша”, – деп жан сырын ақтарды әнші. 

Фото: https://www.instagram.com/jarkynaijarkinai/

Еске салайық, өнер иесі продюсер Баян Мақсатқызымен қарым-қатынасын айтқан еді. 

Талқылау