"Тек қана алға!": Тоқаев қарсыластарын шет-шетінен нокдаунға жіберген қазақ боксшысын құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей елінде өтіп жатқан әлем біріншілігінде жеңіске жеткен Бекзат Нұрдәулетовті құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сурет: Sputnik, Prosport.kz
«Бекзат Нұрдәулетовті Екатеринбургте өткен бокстан Әлем Чемпионатында көрсеткен керемет өнерімен құттықтаймын. Ол бокстың жарқын үлгісін көрсетті. Спортта Бекзат зор табысқа жетеді деп сенемін. Токио Олимпиадасында Бекзатқа жеңіс тілеймін! Тек қана алға!» - деп жазды президент өзінің Twitter парақшасында.
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Бекзат Нұрдәулетовтің төрт бірдей қарсыласын нокдаунға жібергені туралы хабарлаған едік. Сондай-ақ, ол өз жеңісін қазақ еліне арнайтынын айтты.
Астанада ойын орталығында 4 жасар бала тоқ соғып жарақат алды: Анасы орталықты тексеруді талап етті
Күтуші балаларды тоқтатпаған және бұлай ойнауға болмайтынын түсіндірмеген
Қазақстандық әйел қызының балмұздақ жегеннен кейін жансақтау бөліміне түскенін айтты
Анасы: "Инфекция баламның бүйрегін зақымдап жатыр"