Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Техногендік және табиғи апаттар дәуірі күтіп тұр: Тоқаев төтенше жағдайлар министрлігін қайта құруды тапсырды

Тоқаев төтенше жағдайлар министрлігін қайта құруды тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы осы уақытқа дейін ішкі істер министрлігі қарамағында жұмыс жасап келген төтенше жағдайлар қызметін министрлік ретінде қайта құрудың маңыздылығын атады. Осылайша ведомствоның сапасы жақсармақ.


Президент жолдауы 2020: Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуінің толық мәтіні

"Ішкі істер министрлігінің құрылымын қайта қарауымыз керек. Министрліктің бағытына жатпайтын ведомствоны қарамағынан шығаруымыз керек. Нәтижесінде маңызды ведомствоның жұмыс жасау сапасы артпақ. Техногендік және табиғи апаттар дәуіріне қадам басқанымызды ескере отырып, төтенше жағдайлар министрлігін қайта құру маңызды деп білемін", - дейді Тоқаев. 

Қазіргі таңда ТЖ комитеті Ішкі істер министрлігінің құрамына кіреді. Қазақстандағы төтенше жағдайлар министрлігі 2014 жылдың тамызынан бастап жеке министрлік ретінде жұмыс жасамайды.

Талқылау