Тегін "Құдайбергенге" өзгерткен Димаштың латынамерикалық тыңдарманы домбыраның құлағында ойнайды
Қазақ тілін меңгеріп, домбырада ойнауды үйренген латынамерикалық қыз Димаш Құдайбергеннің “Дайдидау” әнін шырқап жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: @andrea_kudaibergen
Андреа Құдайберген – Димаш Құдайбергеннің Чилиден келген тыңдарманы. Блогер Иван Червинскийдің айтуынша, оның "Алға Қазақстан" деп аталатын арнасында 2020 жылы жарты миллиардтан астам қаралым жиналған. Oның оқырмандарының жартысына жуығы Латын Америкасынан.
Андреа Құдайберген Димаштың ғана емес, тұтас Қазақстанның, қазақтың мәдениеті мен музыкасының табынушысы.
Димаш Құдайбергеннің әндерін Аргентина, Колумбия, Чили елдерінен көптеген вокалистер орындайды.
“Бұл қазаққа тән феномен. Ал Андреа жарады! Оның Қазақстанға деген махаббаты таңдандырмай қоймайды. Жарайсың, айналайын! Алға Андреа! Алға Қазақстан”, – деп жазды блогер.
Бұған дейін Димаш Құдайберген испандық опера әншісіне шапан сыйлаған еді.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады
Желі қолданушысы: "Қазақтың жерлеу рәсімін жек көремін"
Не себепті Қазақстанда туу көрсеткіші Ресейден жоғары? Сарапшылар мұның пайдасы мен зиянын айтып берді
Демограф: “Жастар арасында child free ұстанымына бет бұру үрдісі бар”