Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тегін әрі ерікті түрде болады: Цой жаппай вакцинациялау жайлы сөз қозғады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы вакцинациялау мәселесі жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Жаңа жыл қарсаңында біз Pfizer ұйымымен келіссөздер жүргізген болатынбыз. Вакцинаны сатып алу және бағасы жайлы талқыланды. Қазір біз барлық ақпаратты жариялай алмаймыз. Десек те Қазақстанға бұл екпе осы жылдың екінші жартыжылдығында келеді деп айтуға болады", - дейді Цой. 

Бұған қоса, министр ресейлік Sputnik V  вакцинасы жайлы айтып кетті. Сөзінше, бұл вакцина Қазақстанға ақпан айының үшінші жартысында келеді екен. 

"Қазақстанға екі миллионнан астам ресейлік Sputnik V вакцинасы әкелінеді деп отырмыз. Шамамен 10 миллион адамға вакцина ерікті түрде егіледі. Бір айта кетерлігі вакцина қазақстандықтарға тегін болмақ", - деп қосты министр. 

Сонымен қатар, Алексей Цой қазақстандық вакцина осы жылдың наурыз айында сынақ мерзімі аяқталатынын атап өтті. 

Талқылау