Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иранда апатқа ұшыраған әуе кемесінің құлау себебі айтылды

Ирандағы украиндық ұшақтың құлауына себеп қозғалтқыштың жануы болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тегеранда 180 жолаушысы бар украиналық ұшақ апатқа ұшырады

Бұл туралы Тегеран әуежайының өкілі мәлімдеді. 

Иранның төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Иранда құлаған ұшақта техникалық ақаулар болған деп жеткізген еді. Дегенмен рейстерді бақылаумен айналысатын Flightradar ұйымы апатқа ұшыраған ұшақ жап-жаңа болғандығын айтыпты.  

Апатқа ұшыраған жолаушы ұшағы жаңа болған. Ұйымның мәліметінше, Boeing 737-800 ұшағын Украина әуе тасымалдаушысы 2016 жылы ғана сатып алған. 

Қазіргі таңда ұшақты құрастырумен айналысатын Boeing компаниясы істі тексеріп жатқандығын хабарлады. 

"Біз Ирандағы апаттан хабардармыз, қазіргі уақытта ақпараттар жинастырылуда", - деді ұшақ жасап шығарушы ұйымның өкілі. 

Бұған дейін 180 жолаушысы бар украиналық ұшақ апатқа ұшырағаны айтылған еді. Кейіннен Иранның авиация министрлігі құлаған ұшақтың ішінде болған ақпаратты толықтырды. Ирандық министрліктің өкілі Джаафар Заденің айтуынша, ұшақта 167 жолаушы болған. Өкінішке орай, олардың ешқайсысы тірі қалмапты.

 

Талқылау