Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тегерандағы ұшақ апаты: Әуе кемесі құлаған жерден зымыранның қалдығы табылды

Ирандықтар Тегерандағы ұшақ апаты болған жерден табылған 9M331 зениттік зымыранының басына ұқсас бөлшектің суретін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл бөлшек "Халықаралық Украина әуежолдары" ұйымына тиесілі Boeing ұшағын атып түсірген зымырандыкы болуы мүмкін деген болжам айтты. 

"Тегерандағы украиндық Boeing 737 ұшағының апатына кінәлілер бар екендігіне күмән келтірмеймін", - деп жазыпты желі пайдаланушыларың бірі. 

Бұған қоса олар қалдықты ирандық азаматтар тауып алғандығын алға тарттыпты. 

Украинаның қауіпсіздік қызметінің генерал-майоры, қауіпсіздік қызметінің экс-орынбасары Виктор Ягун әуе кемесі аптақа ұшыраған жерде зымыранның бөлшегі табылғандығын айтыпты. 

"Ресейдің зениттің зымыран кешені Иран әскерилерінің қолында, олар мемлекет астанасының әуесін қорғауда. Дегенмен ақпараттың әлі расталмағанын айтып өткен жөн", - деп жазыпты Виктор Ягун.

Ирандық журналист Бабак Тагвей табылған қалдық расымен де 9M331 зымыранына тиесілі екендігін жеткізген. 

Естеріңізге салайық, Ирандағы ұшақ апатының құлауына негізгі себеп ретінде терактты қарастыру ұсынылған болатын. Ең алғашында Иран үкіметі ұшақтың техникалық ақауларға байланысты құлағанын мәлімдепті. 

 

Талқылау