Тәжікстанда болған жер сілкінісі салдарынан үш жасар бүлдіршін қаза тапты
Тәжікстанның Рашт ауданындағы жер сілкінісі салдарынан тұрғын үйдің қабырғасы құлаған. Республиканың Төтенше жағдайлар комитеті, үйінділердің астында үш жасар бала қаза тапқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
5 балдық жер асты дүмпулерінің эпицентрі осы аймақта болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, Рашт және Тәжікабад аудандарында кем дегенде 29 тұрғын үй мен бір мектепке залал келген.
Жергілікті жерде құтқарушылар мен зардаптарды жою жөніндегі комиссия жұмыс істеуде. Кейінірек аймақта тағы екі жер сілкінісі тіркелді.
Еске салсақ, 13 сәуірде Тәжікстанда жер сілкінісі болып, ол Қазақстан мен Өзбекстанға да сезілген еді.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар