Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай әскері Тайваньның айналасында нақты ұрысқа дайындалуда – сарапшы

Қытай Халық азаттық армиясының (ҚХАА) ауқымды оқу-жаттығуларын нақты соғыс жаттығуларына дайындық ретінде қарастырған жөн. Бұл туралы Global Times басылымына берген сұхбатында әскери сарапшы Сун Чжунпин мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, әскери қақтығыс басталған жағдайда маневрлерде ( шын соғысқа ұқсас жағдайда әскердің тактикалық сабақ өткізуі – авт) даярланған жедел жоспарлар қолданылуы мүмкін. 

"Біздің жауынгерлік жоспарымыз АҚШ пен Тайвань билігінің назарына жетті. Оларға одан әрі арандатудың салдары қандай болатынын хабардар еткенімізге жеткілікті түрде сенімдіміз", — дейді маман.

Ол сонымен бірге ҚХР оқу-жаттығуларының сипаты жан-жақты және мақсатты екенін айтты. Осылайша Пекин "Тайвань мәселесін біржола жабуға дайын" екенін көрсетеді. 

Айта кетсек, ҚХАА 2 тамыз күні Тайвань маңында әскери жаттығулардың басталғанын хабарлады. Жоспарға сәйкес, олар төрт күннен кейін аяқталады. Маневрлер аясында әскери бірақ ядролық емес бөлігі бар зымырандарды сынау және Тайвань бұғазынан алыс қашықтыққа ату жаттығулары жоспарланған. 

ҚХР билігі бұл шешімді АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға сапарынан кейін қабылдады. Елдің сыртқы істер министрлігі америкалық саясаткердің сапарын қатаң түрде сынап, оның әрекеттері “Бір қытай қағидатын”, сондай-ақ Қытай-Америка коммюникесінде бекітілген ережелерді бұзады деп мәлімдеді.

Тайваньның саяси мәртебесі туралы дау жеті онжылдықтан астам уақытқа созылды. Қазіргі уақытта арал тәуелсіз мемлекет ретінде қызметін жалғастыруда, бірақ материктік Қытай оны “сепаратистер” деп атайды. Бүгінде көптеген елдер Тайваньның тәуелсіздігін мойындамаған. 

Талқылау