Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таиландтан Астанаға пошта арқылы есірткі алдырмақ болғандар қамауға алынды

Әлдекімдер Таиландтан Астанаға пошта арқылы аса ірі көлемде есірткі жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

Қаржы мониторингі агенттігі "Әуежай-Астана" кеден бекеті мен "DHL" курьерлік компаниясының қызметкерлерімен бірлесіп, есірткіні анықтады. 



“Қызметтік-іздестіру итінің көмегімен "DHL" уақытша сақтау қоймасын тексеру кезінде кедендік бақылау аймағында халықаралық поштадан 3 қорап табылды. Олардың ішінде жалпы салмағы 3,5 келі каннабис сығындысы болған. Жедел-тергеу іс-шаралары барысында төрт күдікті анықталды. Олардың тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізілді. 787 грамм марихуана және есірткі заттарын өлшеп-орау үшін қажет басқа да заттар  тәркіленді”, – делінген ведомоство хабарламасында.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Төрт күдіктіге қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қаржы мониторингі басқа ақпаратты мәлімдеуден бас тартты.

Талқылау