Таулы Қарабақтан Арменияға 30 мыңға жуық босқын келді
Таулы Қарабақтан Арменияға 30 мыңға жуық босқын келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі RBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Maxar Space
Maxar Space компаниясы этникалық армениялықтардың аймақты тастап кетіп жатқан сәттегі спутниктік суреттерін жариялады. Спутниктік суреттер Таулы Қарабақ пен Арменияны байланыстыратын Лачинск дәлізінде түсірілген.
Әзірбайжанның Таулы Қарабақта бақылау орнатуға бағытталған әскери операциясы 19 қыркүйекте басталып, ертесі күні аяқталған еді. Баку және Степанакерт ресейлік бітімгерлердің ұсынысы бойынша атысты тоқтату туралы келісімге келді.
"Армения келісімнің құрылуына қатыспады", – деді елдің премьер-министрі Никол Пашинян.
26 қыркүйек күні 28 мыңнан астам Қарабақ босқындары Арменияға келді. Армения билігі босқындарға арналған 40 мың орын дайындады.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"