Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таулы Қарабақ қақтығысы: Армения Әзірбайжан әскери позицияларына оқ жаудырды

Әзірбайжан қорғаныс министрлігі Армения тарапынан оқ атылғаны туралы жария етті. Алайда Арменияның қорғаныс басшылығы бұл ақпаратты шындыққа жанаспайды деп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: casp-geo.ru
Әзірбайжан елінің қарулы күштері 20 шілдеде Кельбаджардағы әскери позицияларға Армения тарапынан оқ атылғанын айтты.

"20 шілдеде сағат 22:10 шамасында Армения қарулы күштерінің бөлімшелері Кельбаджар ауданының Истису елді мекеніне қарай орналасқан позицияларынан Әзірбайжан армиясының позицияларына оқ жаудырды. Аталған бағытта біздің ведомстволар жауап шараларын қабылдады", – деді Әзірбайжан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Дегенмен Армения қорғаныс министрлігі Әзірбайжан тарапы жалған ақпарат таратты деп отыр.

"Әзірбайжан қорғаныс министрлігінің 20 шілдеде сағат 22:10-да Армения Республикасы қарулы күштерінің бөлімшелері шекараның шығыс бөлігінде орналасқан Әзірбайжан позицияларына оқ жаудырды деген хабарламасы шындыққа жанаспайды", – деп хабарлады Армения.

Айта кетейік, Армения мен Әзірбайжан ортасындағы Таулы Қарабақ даулы территория саналады. Екі осы территория үшін бір-біріне қырғи қабақ танытып келеді. 1990 жылдары аймақта ауқымды қарулы қақтығыс болып, 30 мың адам қаза тапқан. 1994 жылы екі ел қақтығысты тоқтату туралы келісім жасады. Бірақ арасында осындай қақтығыстар жиі болып тұрады.



 

Еске салайық, бұған дейін Армения Вашингтонда өтетін НАТО саммитіне қатысатынын жазған едік. Армения сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ани Бадалянның мәліметінше, ел Вашингтонда өтетін НАТО саммитіне және ұйымның 75 жылдығына арналған шараларға қатысуға шақырту алды. Армения саммитке қатысатынын растады.

Талқылау