"Тәуіп тірі деді": Таразда жоғалған өрт сөндірушінің туыстары дала кезіп жүр
Жамбыл облысындағы жарылыстан соң із-түзсіз жоғалған өрт сөндіруші Бауыржан Дәуітбаевтің туыстары тәуіптердің алдына барып, бүгінде дала кезіп жүр. Іздестіру жұмыстарынан күдер үзген Бауыржанның отбасына көріпкел үміт сыйлаған. Ол Дәуітбаевтің тірі екенін айтқан.

Әскерилер іздестіру жұмыстарының үздіксіз жүріп жатқанына сендірді. Ал өз өмірін құрбандыққа тіккен батырдың туыстары алдымен, егіс алқабын қарап, сосын Тараз қалалық №1 ауруханасына бармақ.
Себебі олар апат кезінде ауруханаға алғаш түскен науқастардың бірінің белгісіз суретін Бауыржанға ұқсатыпты.
"Бір сурет жартылай түскен, соны қарап күдіктеніп отырмыз, біздің ініміз шығар деп. Барып камераны түгел аштырсақ па дегенбіз. Баукаға ұқсатып отырмыз, суретті салыстырып. Қазір тәуіптің айтқанымен Базарбайдың егіс алқабын қарап жүрміз", – деді Бауыржанның әпкесі Фарида Дәуітбаева.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"