Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тауықтың еті сияқты": Қайрат Әділгерей құрбақа жеп, ел назарын өзіне аударды

Қытай елінде түсірілімде жүрген танымал актер Қайрат Әділгерей піскен құрбақа жеп көрді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/kairat_adilgerey/

Өнер иесі аспанасты еліндегі халықтың тұрмыс-тіршілігін жеке парақшасында бөлісіп жүр.

“Қытайға келіп тұрып, бақа жеп көрейік дедік. Құрметті достар! Қазір қуырылған құрбақаның дәмін татпақпыз. Қатты піскен тауықтың етіне ұқсайды екен. Қытайлықтар кешірсін! Жей алмадым”, – деп айтты актер. 



Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, өнер иесінің әрекетін қызу талқылап жатыр. 

“Мен жесем, 10 жерден ұшық шығатын еді”, “Қытайлықтар күн сайын қалай жейді екен”, “Біздің елдің бақалары бақытты екен ғой”, “Біздің қазымызды осылай жейтін шығар”, “Адамды ұшындырып өлтіресің”, “Ұшынып қалмаңыз, ұшық ішке түссе, өлімге әкеледі”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Еске салайық, өнер иесінің жұбайы Бақыт Тұрманова күйеуін жер-көкке сыйғызбай мақтағанын жазған едік. 

 

Талқылау