Тәуекел Мүсілімнің жары екінші сәбиін күтіп жүр
Актер Тәуекел Мүсілім екінші рет әке атанбақ. Бұл туралы оның жары Махаббат Мүсілім Айнұр Ілиясованың "MOM'sкий әңгіме" подкастында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2019 жылы отау құрған ерлі-зайыптылар бүгінде Айтөре есімді ұл баланы тәрбиелеп отыр. Махаббаттың айтуынша, 1,5 жасқа келген Айтөре күн сайын түрлі қылық шығарады. Ал әкесі Тәуекел туған кезінен бастап ұлына қарайласып, жөргегін ауыстырып, тіпті өзімен бірге ертіп жүреді екен.
Осы ретте Махаббат отбасындағы қуанышты хабарды жеткізді. Ол екінші сәбиіне аяғы ауыр екенін айтты.