Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәуекел Мүсілім фильмде бөтен қыздың ернінен сүюге мәжбүр болғанын айтты

Еліміздегі ең сымбатты актерлердің бірі Тәуекел Мүсілім жуырда тағы бір отандық фильмге түсті. "Маша мен Дударай" атты картинада Тәуекел ғашық жігітті сомдады. Түсірілім кезінде актер сахналық серіктесін сүюге мәжбүр болғанын мойындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі НТК арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Тәуекел болмысының романтикаға жақын екенін айтады. Сөзінше, режиссерлер мен продюсерлер де оны осы қалыпта көріп үйренген. Сол себепті махаббат туралы картиналарға жиі шақырту алады. 

Сондай режиссерлердің бірі Дамир Тәстембеков "Маша мен Дударай" фильмінде актерді сахналық серіктесі Мариямен сүйісуге мәжбүрлеген. Бүгінде отбасын құрып үлгерген Мүсілім бұл туралы жұбайына бірден ескерткен көрінеді. 



"Қатты ерсі сахна жоқ. Бірақ режиссердің бір сахнада эмоцияны білдіру үшін ернінен сүю керек деген талабы болды. 

Оның бәрін бірден Махаббатқа айтып, ескертіп қойдым. Сондықтан ол жағынан қиыншылық болмауы керек. Махаббат маған сенеді, мен оны жақсы көремін", - деп ағынан жарылды Тәуекел.


 

Талқылау