Тау шаңғысында көз жұмған қазақстандық жасөспірімнің өлімі жайлы жаңа деректер белгілі болды
Қырғызстанның құқық қорғау органдары Қаракөлдегі тау шаңғысы базасында 13 жастағы қазақстандықтың көз жұмғанын хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қырғызстан-ға сілтеме жасап.
"3 қаңтарда 35 жастағы Нұр-Cұлтан тұрғыны ұлымен бірге Тоқмаққа қонаққа кеген. 10 қаңтарда олар Қаракөлге демалып, тау шаңғысы базасына аттанған", - деді полицияда.
Жасөспірім 12 қаңтарда "Каприз" тау шаңғысы базасынан төмен түсіп көз жұмды. Қайғылы оқиға туралы Ақ-Су ауданы полиция кезекші бөліміне хабарлады.
Сағат 13:00-де кәмелетке толмаған бала 3040 метр биіктікке көтеріліп, төмен түскені белгілі болды. Шамамен 2 700 метр биіктікте, батыстан шығысқа қарай бұрылған кезде, ол жылдамдықты басқара алмай шыршаға соғылған. Жарақат алған жасөспірім оқиға орнында қайтыс болды.
Сот медицина сарапшысы баланың денесін тексере келе мойны мен аяғы сынғанын анықтады, сот медицина сараптамасы тағайындалды. Жеткіншек 37 қаңтарда 14-ке келетін еді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар