Татар қызына ән арнады: Димаштың ерекше ықыласына бөленген қыз кім?
Татарстан астанасында жеке концертін өткізген Димаш Құдайберген өзінің бір компазициясын жанкүйері болған Лейсан Сейтназароваға арнады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық әнші Қазан қаласына ARNAU TOUR 2020 үлкен туры аясында келген. Ал әнін арнаған қыз - кішкентай кезінен бастап онкологиялық дертпен күресіп, көз жұмған Лейсан Сейтназарова.
2019 жылы әншінің өзі хосписке пациентті көруге барған. Себебі, Лейсан сол уақытта сауықтыру еміне байланысты WorldSkills Kazan жабылу рәсіміне қатыса алмаған. Лейсан сүйікті әншісінің өзімен жолығуға келетінін білмеген. Ұйымдастырушылардың сөзінше, татар қызының сол кездегі әсерін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Лейсан Димашпен кездескеннен кейін төрт айдан соң, 21 жасында көз жұмған. Әнші концертінде оны еске алып, "қарындасым" деп атады.
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес