Ташкентте Technovation 2026 конференциясы өтті: Іс-шара ғылым, бизнес және реттеуші орган өкілдерін бір ортада тоғыстырды
Ташкентте " Филип Моррис Интернэшнл” (ФМИ) ұйымдастырған Technovation халықаралық конференциясы өтті. Іс-шара темекі шегудің зиянын азайтуға бағытталған ғылыми және технологиялық инновацияларға арналды. Конференцияға Өзбекстан үкіметінің өкілдері, ғылым және реттеу саласындағы халықаралық сарапшылар, сондай-ақ бизнес көшбасшылары қатысты.
Technovation – ФМИ компаниясының түтінсіз болашақ туралы ұстанымы мен зиянды азайтуға қатысты ғылыми деректерін таныстыратын жаһандық платформа. 2026 жылы Technovation Вашингтонда, Стокгольмде және Рабатта өткізілген. Ал 30 қыркүйекте Ташкент конференцияның кезекті алаңына айналды.
Жиынға Өзбекстанның мемлекеттік органдарының өкілдері, медицина және ғылым сарапшылары, сондай-ақ ірі халықаралық және жергілікті компаниялардың өкілдері қатысты. Олар инвестиция тарту үшін не керегін және бизнес-трансформацияның практикалық бөлімдерін талқылады.
Конференцияны ФМИ-дің Оңтүстік Азия, Үндіқытай және ТМД елдері бойынша президенті Марко Мариотти ашты. Оның сөзінше, Өзбекстан қазіргі таңда инвесторлар іздейтін тұрақты, заң үстемдігі басым, білімді жұмыс күші бар, түтінсіз балама құрылғылардың дамуына мүмкіндік беретін ортаға айналған.

"Өзбекстанға әр келген сайын мұндағы өзгерістердің қарқыны мені таңғалдырады. Соңғы он жылда әлемде дәл осындай ауқымды өзгерістерден өткен елдер көп емес. Түтінсіз баламаларды кеңінен енгізу – оңай міндет емес. Бұл уақытты талап етеді, бірақ оның нәтижесі елдің тұрақты дамуына негіз болады. Инновация жолына түскен мемлекеттің алдына қойған амбициялық мақсаттарына қол жеткізуге елде ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан халықаралық компаниялар да барынша үлес қосуы керек. Сондықтан біз Technovation конференциясында технологиялар мен түтінсіз баламалардың ел дамуына қалай ықпал ете алатынын талқылау үшін Ташкентті таңдадық", – деді Марко Мариотти.
Конференцияда Өзбекстан президентінің Дүниежүзілік сауда ұйымындағы өкілі әрі бас келіссөз жүргізуші, сондай-ақ Өзбекстанның Азық-түлік қауіпсіздігі комитетінің төрағасы Азизбек Урунов құттықтау сөз сөйледі.
"Мемлекет, бизнес, инвесторлар және сарапшылар қауымдастығы арасында диалог орнатуға мүмкіндік беретін осындай бірегей алаң құрған ұйымдастырушыларға алғыс айтқым келеді. Technovation инновациялардың экономиканың түрлі салаларын өзгертіп, дамудың маңызды факторына айналып келе жатқанын көрсетеді. Өзбекстан үшін инновациялар – экономикалық өсудің және елдің халықаралық нарықтардағы қатысу аясын кеңейтудің маңызды құралы. Бұл үдерістің негізгі элементтерінің бірі – еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуы. Бұл қадам сауда ережелерінің болжамдылығын, реттеудің ашықтығын және ұзақ мерзімді инвестицияларға қолайлы жағдай қалыптастырады. Ел алдына қойған мақсаттарға жету үшін мемлекет, бизнес, ғылым және халықаралық серіктестер арасында тығыз байланыс қажет", – деді Азизбек Урунов.
Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Акрам Алиев өз сөзінде инновациялар экономиканы дамытудың "негізгі қозғаушы күштерінің бірі" екенін баса айтты.
"Сонымен қатар жетістік тек экономикалық көрсеткіштермен емес, халықтың денсаулығын сақтауға және нығайтуға қосқан үлеспен де өлшенуі керек. Өйткені қоғамның денсаулығы ұзақ мерзімді дамудың маңызды негізі саналады. Бұл форум жаңа серіктестіктерге, инновациялық идеялар мен өзара тиімді жобаларға жол ашып, тұрақты дамуға өз үлесін қосады деп сенемін", – деді Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Акрам Алиев.

Орталық Азия – өсімнің өзегі
Yashil Energy, Coca-Cola Uzbekistan, EPAM, ФМИ және Өзбекстан Ұлттық ғылым академиясының өкілдері қатысқан панельдік талқылауда инновацияларды бастапқы кезеңде енгізу үшін уақтылы әрі саналы реттеудің маңызына тоқталды.
Сессия барысында Philip Morris International компаниясының Қазақстан және Орталық Азия бойынша басқарушы директоры Омар Абделлатиф Қазақстанда түтінсіз баламаларды өндіру үшін 65 миллион доллар инвестиция құйылғанын айтты.

"Орталық Азия – өсімнің өзегі, сондықтан бұл өңірдің әлеуетін жоғары бағалаймыз. Біз ТМД және Орталық Азияның 12 нарығында жұмыс істейміз және өңірдің дамуына тұрақты түрде инвестиция салып келеміз. Өзбекстандағы инвестицияларымыздың көлемі $130 млн-нан асты. 2025 жылы Ташкентте өз өкілдігімізді аштық. Бүгінде онда жүздеген жергілікті қызметкер жұмыс істейді", – деді Омар Абделлатиф.
Сонымен қатар басқарушы директор Philip Morris International компаниясына жабдықтарға ғана емес, өндірісті дамыту, жұмыс істеу тәсілдерін өзгерту, дайын өнімді тұтынушыға дұрыс ұсынудың маңызы зор екенін қосып өтті.
"Ал ең бастысы – адамдарды дамыту, жаңа идеяларды қолдау және тез үйреніп, өзгеруге дайын болу. Бұл бізге тек бүгінгі күнге емес, өңірдің болашағына да инвестиция салуға мүмкіндік береді", – деді Philip Morris International компаниясының Қазақстан және Орталық Азия бойынша басқарушы директоры Омар Абделлатиф.
Темекі индустриясын трансформациялау кезінде дәлелді ғылыми базаның маңызы
Конференцияның екінші бөлігі ғылым мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелеріне арналды. Доктор Томоко Иида түтінсіз өнімдерді әзірлеу барысында жүргізіліп жатқан зерттеулер мен компанияның ғылыми даму бағыты туралы айтып берді.

Маманның пайымдауынша, шылым шегетіндер үшін зиянның негізгі көзі – жану процесінде. Себебі темекі жанғанда, мыңдаған химиялық қосылыс, улы және канцерогенді заттар түзіледі. Сондықтар ғылым үшін тұтанбайтын өнімдерді жасап қою ғана емес, жану процесі болмағанда не болатынын тексеру маңызды дейді.
"Ғылым темекі шегуге қатысты негізгі сұрақты дұрыс қоюға мүмкіндік береді: негізгі зиянның көзі не? Никотин тәуелділік тудырады және оның да қауіптері бар, алайда негізгі зиянның көзі – жану процесі. Темекі жанған кезде мыңдаған химиялық қосылыс, соның ішінде улы және канцерогенді заттар түзіледі. Бұл ретте реттеуші органдар қоятын сұрақтардың маңызы зор. Мысалы, өнімдерімізді ғылыми бағалау кезінде мынадай заңды сұрақ туындады: егер жану процесін алып тастасақ, шылымда кездеспейтін жаңа заттар пайда болмай ма? Біз аэрозольдің химиялық құрамын зерттеп, анықталған компоненттерге жеке бағалау жүргіздік. Мен үшін ғылыми тәсіл – жауапты алдын ала болжап қоймай, сұрақ қою, оған жауап іздеу, нәтижені тексеру және қорытындыны деректерге сүйене отырып шығару", – деді Philip Morris International компаниясының Оңтүстік Азия, Үндіқытай, ТМД, Таяу Шығыс және Африка елдеріндегі ғылыми байланыстар жөніндегі аға директоры Томоко Иида.
Медициналық бағыттағы панельдік талқылауда Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан және Қазақстаннан келген дәрігерлер мен ғалымдар зиянды азайтуға қатысты ғылыми тәсілдерді, инновациялардың рөлін және темекі индустриясын трансформациялау кезінде дәлелді ғылыми базаның маңызын талқылады.
"Біз әр адамға құрметпен қарап, оған зиянды қалай азайтатыны туралы шешімді өзі қабылдауға мүмкіндік беруіміз керек. Ол үшін түсінікті ақпарат, ғылыми-медициналық қолдау және мамандардың көмегі қажет. Сондай-ақ денсаулыққа қауіп төндіретін өнімдердің барлығының зиян деңгейі бірдей емес екенін ескеру маңызды. Сондықтан ғылыми тәсіл олардың арасындағы айырмашылықтарды ескеріп, адамға саналы шешім қабылдауға мүмкіндік беруі маңызды", – деді PhD, медицина ғылымдарының кандидаты, дәрігер-стоматолог, Қазақстан стоматологтары сарапшылар қауымдастығының президенті Мейрам Раганин.

"Трансформация үдерісінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау" атты қорытынды сессияға Өзбекстанның Мемлекеттік кеден комитеті, Техникалық реттеу агенттігі, Бәсекелестік саясаты және тұтынушылардың құқықтарын зерттеу орталығы, сондай-ақ Қазақстанның Ұлттық тұтынушылар лигасының өкілдері қатысты.
"Тұтынушы адал бизнеспен өзара әрекеттесуге лайық әрі оған дайын. Мұндай бизнес стандарттар әзірлейді, жаңа өнімдер шығарады және тұтынушыға оның қалай өндіріліп, зерттелетінін көрсетуден қашпайды. Жаңа өнім санаттары пайда болған кезде бәрін қайта ойлап табудың қажеті жоқ. Тек халықаралық тәжірибені ескеріп, іс жүзінде жұмыс істейтін шешімдерді іздеу маңызды. Сонымен бірге мемлекет тарапынан реттеу тұтынушының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, түсінікті стандарттарға негізделуі керек. Сондықтан мемлекет, бизнес және тұтынушылар бірге сенімге ие болатын тәсілдерді қалыптастыруы маңызды", – деді Қазақстан Ұлттық тұтынушылар лигасының басшысы Светлана Романовская.
Іскерлік бағдарлама аяқталғаннан кейін журналистер конференция спикерлерімен жеке сұхбат жүргізу мүмкіндігіне ие болды.
Алматы облысында жүзге жуық ит асыраған ер адамды өлтіріп кеткен