Тараздағы аялдамада болған қайғылы жағдай: Жарақат алғандардың жағдайы жайлы дәрігерлер айтып берді
Тараздағы автобус аялдамасындағы қайғылы оқиғадан зардап шеккендердің жағдайы туралы дәрігерлер айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме беріп.
Белгілі болғандай, 15 қыркүйекте сағат 07.00 шамасында жедел жәрдем станциясына қоңырау түскен. Мыңбұлақ ықшамауданындағы көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету қажет болған.
Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасы төрт адамның зардап шекенін айтады.
"Оның ішінде бір әйел жансақтау бөліміне жеткізілді, қажетті емдеу жүргізіледі. Әйелде жабық бас миының жарақаты, бас миының шайқалып, сол жақ төменгі аяғының ортаңғы үштен бір бөлігінің жабық сынуы және оң жақтағы төртінші және бесінші саусақтары сынған.
Шетелдік 40 блогер Алматыға қонаққа шақырылады: Бұған қала әкімдігі 26 миллион теңге жұмсамақ
Тағы бір азаматшаға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Ол жабық бас жарақатын алған. Сонымен қатар басының төбе аймағының жарақатын алған. Оған емханасында амбулаторлық емделу ұсынылды", – деді басқармада.
Тағы екі әйел жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін қайтыс болды. Олардың шамамен жасы – 40-45 және 60-65 жас.
Айта кетейік, полиция Тараз қаласының 23 жастағы жүргізушісін анықтап, ұстады.