Біреуін сүйреп, біреуін ұшырды: Таразда жүргізуші аялдамада тұрғандарды мерт қылды (видео)
Тараздық жүргізуші таңертең аялдамада тұрған адамдарды қағып кетті. Екі адам көз жұмып, тағы екеуі ауруханаға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов мәлім етті.
15 қыркүйекте Таразда Сейфуллин көшесімен Бауыржан Момышұлы көшесіне қарай келе жатқан көлік жүргізушісі төрт жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жаяу жүргінші оқиға орнында қаза болып, екеуі Тараз қалалық №1 ауруханасына жатқызылған.
"Факт бойынша ҚР ҚК-ның 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Полицейлер Тараз қаласының 23 жастағы жүргізушісін анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды", – деді Жанат Сүлейменов.
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін
Блогердің видеосы қоғамда түрлі пікір туғызды
Қызметкерлердің құқығы күшейеді, грант иегерлерінің тізімі шығады: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
Әзірге бұл өзгеріс қарапайым азаматтарға әсер етпейді